Жамбылдықтар Жеңіс күнін атап өтті » Страница 3 » №31 "Балапан" бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№31 "Балапан" бөбекжай-бақшасы
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)54-57-40
Есепші бөлімі:
+7(72)54-57-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жамбылдықтар Жеңіс күнін атап өтті
09
май
2019

Жамбылдықтар Жеңіс күнін атап өтті


                              

Бүгін 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған облыс орталығындағы салтанатты шаралар легі қаладағы ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алды. А.Сухамбаев, Ы.Сүлейменов, З.Космодемьянская, Т.Тастандиев ескерткіштеріне, Әл-Фараби көшесіндегі обелискіге гүл шоқтарын қою рәсіміне облыс әкімінің орынбасарларынан бастап, басқарма, мекеме басшылары, ардагерлер кеңесінің төрағалары, Ассамблея хатшылығының, зиялы қауым өкілдері және тағы басқалар (барлығы 5 мыңға жуық адам) қатысты.Бұдан кейін «Қаһарман ұлт-Бессмертный полк» шеруі өтті. Шеруге қатысқан 2 мыңнан аса адам А.Сухамбаев ескерткішінен Д.Қонаев — І.Жансүгіров көшелері арқылы Жеңіс саябағына дейін жүріп өтті. Жеңістің 74 жылдығына арналған шеруге көпшілікпен бірге облыс әкімі Асқар Мырзахметов та арнайы қатысты.Бұдан соң өңір басшысы Асқар Мырзахметов, облыстық мәслихат хатшысы Бағлан Қарашолақов, облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері бас қолбасшысы генерал-майор Марат Құсаиновтың қатысуымен «Мәңгілік алау» және Бауыржан Момышұлы ескерткішіне салтанаттыгүл қою рәсімі өтті. Ол «Ерлік» мемориалды кешеніндегі мерекелік шарасына жалғасты. Мерекелік шара барысында қатысушылар Ұлы Отан соғысы құрбандарын, жерлес жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Облыс әкімі жиналғандарды Жеңіс мерекесімен құттықтап, бейбіт күннің бағасын білуге шақырды.Сондай-ақ, бұл күні Жеңіс саябағындағы «Данқ» залының ашылу салтанаты өтті. «Данқ» залының құрылысы саябақтың өткен жылы басталған жаңғырту жұмыстарының жалғасы болып табылады. Жалпы аумағы 1500 шаршы метрді құрайтын зал екі қабаттан тұрады. Құрылысты мердігер «Жасыл ел Тараз» ЖШС-гі жүргізген. Жоба құны – 546 миллион 769 мың теңгені құрайды.«Данқ» залының бірінші қабаты Ұлы Отан соғысы жылдарын бейнелейтін фотосуреттер мен экспонаттарға толы. Онда 1000 шаршы метрге барлығы 1 миллион 500 мыңнан астам фото шежірелер топтастырылған. Залдың бірінші бөлігінде орналасқан 1941, 1942, 1943, 1944-45 жылдарға арналған қабырғалардағы суреттер сол кезеңдегі соғыс көріністерін еріксіз көз алдына алып келеді. Атап айтсақ, 1941-жылға арналған қабырғада «Барбороса» жоспарының картасы, Мәскеу үшін шайқасының, генераль-майор И.Панфиловтың, «Отан ана», Б.Момышұлының, Н.Белошевтің және басқа да барлығы 100-ден астам фотосуреттер мен 200-ден аса құжаттар қойылған. Ал, залдың 1942-жылға негізделген қабырғасы «Ленинград блокадасына» арналған. Онда жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың суреті, ақынның «Ленинградтық өреңім» атты отты өлеңі және өзге де дүниелер орын алған. 1943-жылға арналған қабырғада Сталинград, Курск шайқастарына арналған үлкен фотолар жинағы орналасқан. Сол секілді 1944-45 жылдарға арналған қабырғада Қызыл Әскердің Европаны азат етуін бейнелейтін фотолар жинағы берілген. Сондай-ақ, залда «Рейхстагқа ту тігу» барельефі қойылып, тылдағы еңбеккерлердің өмірінен сыр шертетін, 1945 жылғы 24 маусымдағы Мәскеу қаласында өткен Жеңіс шеруі және Жеңістің 70 жылдығына арналған Астана қаласында өткен салтанатты шараның суреттері де көрініс тапқан. Жергілікті майдангерлердің 500-ге жуық медалі де залдан орын алған.Нысанның екінші қабатында «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығы орналасқан. Орталықта Б.Момышұлының балалық шағынан кемеңгерлік жасына дейінгі өмірін бейнелейтін музей және көркемсурет бұрышы құрылған. Онда негізінен майдангер-қаламгердің шығармашылық-тұлғалық болмысын айшықтауға басымдық берілген. Орталық ішінде Баукеңнің шығармашылығына арналған кітапханалық бұрыш пен жиын өткізуге арналған конференция залы жасақталған. Сонымен қатар, деректер жинақтайтын мамандарға арналған үш қызметтік бөлме мен бір фотолаборатория қарастырылған.«Данқ» залының лентасын қию рәсіміне даңқты Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, профессор, Мекемтас Мырзахметұлы, Ұлы Отан соғысының ардагері Тлеуқабыл Төребеков қатысты. Сондай-ақ, осыдан соң саябақта «Солдат ботқасы» атты шарасы өтіп, 500 адамға ботқа таратылды. Мерекелік шаралар соңы концерттік бағдарламаға ұласты.Айта кетейік, бұл күнгі іс-шараларға барлығы 11 мыңнан аса қала тұрғындары мен қонақтары қатысты 

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Илья
11 апреля 2021 12:09
Здравствуйте! Мы являемся производителем парфюмерии ILSA Premium и реализуем наливные духи оптом от производителя. Стойкость более 70 часов!!! В составе духов используются только лучшие парфюмерные компоненты по эксклюзивным формулам от ведущих фабрик Франции. Содержание душистых веществ в парфюмерии ILSA составляет не менее 30%, что в совокупности с качеством компонентов, в разы превосходит другие аналоги наливной парфюмерии. Перед нами стояла задача сделать по истине качественный продукт - и мы её выполнили! Приобретая ILSA Premium perfume клиенты, экономят деньги на флаконе, фирменной упаковке, бренде и получают высококачественные эксклюзивные ароматы. Весь товар сертифицирован. Имеется официальное лабораторное заключение, которое подтверждает, что стойкость духов ILSA Premium более 70 часов. Продукция изготовлена в соответствии c ГОСТ 31678-2012. Почему выгодно работать с нами: - большой выбор продукции на любой вкус; - гарантия качества: на всю продукцию имеются сертификаты; - самые низкие цены так как мы являемся производителем парфюмерии ILSA; - работаем как с физическими, так и с юридическими лицами по 100% предоплате; - удобные способы оплаты товара (на расчетный счет компании, оплата картой онлайн или перевод на карту); - бесплатно доставляем Ваш заказ до Транспортной Компании; - минимальные сроки обработки и отправки заказов; Выбрать Premium perfume можно на нашем сайте: https://ilsa.su/ Остались вопросы или хотите оставить заявку? Свяжитесь с нами! E-mail: info@ilsa.su
JamesUnilk
27 апреля 2021 04:06
Никак Не все без исключения согласованны в форма наушников, во каковых слышен внешний вид общество, если ходишь согласно улице, трудишься во кабинете либо летишь во аэроплане. Также инженеры Sony https://earphones-review.ru/
RobertMit
5 мая 2021 07:14
редстар покер - фулл тилт покер, бет365
Назад 1 2 3 Вперед